
2022 жылдың 4 ақпан күні "№17 орта мектеп " КММ.ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімінің "Жалпы білім беру ұйымдарында оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырудағы заманауи тәсілдер" тақырыбында облыстық онлайн семинар-практикум өтті. Семинардың мақсаты: оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша педагогтердің жұмыс түрлері мен әдістерін зерделеу. Семинар басында ШҚО ББ "Шығыс" РО тәрбие жұмысы кабинетінің меңгерушісі А. А. Исаев құттықтау сөз сөйледі. Семинарға қатысушыларды №17 мектеп директоры Е. А. Саакян құттықтады. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ғ. Ф. Абдрахманова мектептің кәсіби бағдар беру жүйесі туралы сөз сөйледі, педагог-ұйымдастырушы И. Ю. Акулова оқу орындарымен өзара іс-қимыл туралы айтып берді, оқушылардың өзін-өзі басқару жұмысы арқылы әр түрлі деңгейдегі кәсіби бағдар беру бойынша конкурстарға қатысуы туралы Р. Д. Исраилов жұмыс тәжірибесімен бөлісті, мектеп түлектерінің мамандықты дұрыс таңдаудағы мектептің психологиялық қызметінің рөлі туралы педагог-психолог Д. Е. Демегенева, оқушыларды кәсіби бағдарлаудағы қолданбалы курстардың мүмкіндіктері туралы директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары И. А. Крючкова, мектеп сайты туралы оқушыларды кәсіби ақпараттандыру құралы ретінде мектеп сайтының әкімшісі А. В. Айтпаева сөз сөйледі. Семинар барысында кәсіптік бағдар беру бойынша мектептің жұмыс тәжірибесінен бейнематериалдар көрсетілді. Семинар қорытындысы бойынша мектеп жұмысының тәжірибесі қала және облыс мектептерінің көптеген қатысушыларынан жоғары баға алды.