ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасарымен кездесу

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасарымен кездесу

2022 жылғы 7 ақпанында № 48 мектеп базасында ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары М.Т. Мелдебековамен қала мектептерінің директорлары және балабақша меңгерушілері кездесті. Кездесу барысында мемлекеттік аттестаттауға дайындық мәселелері түсіндірілді, білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне және ақша жинау фактілеріне жол бермеу туралы ескертілді. Сондай-ақ, директорлардың ротациясы, педагогтерді аттестаттау, мұғалімдерді жұмысқа қабылдау және т. б. мәселелер айтылды.

Директорлар тарапынан  білім беру саласында нормативтік документтерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілді.