
2022 жылдың 4 ақпанында ЮНЕСКО клубы, Өскемен қаласы №1 балалар музыка мектебінде» жыл сайын өтетін ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясының «Жылды жақсылықпен баста» Республикалық акциясы аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен ересектерге арналған «Музыка жақсылық жасайды!» атты онлайн-концерті өтті. Концерттің басты мақсаты - оң эмоциялар беру, жылы, шығармашылық атмосфераны құру.
№1 балалар музыкалық мектебінің оқушылары өздерінің жарқын вокалды және аспаптық қойылымдарымен көрермендерге жағымды эмоциялар сыйлады, себебі музыка жаңбыр сияқты, адамның жүрегіне тамшылап сіңіп, оны тірілтеді.