«Қабілеті төмен оқушылармен жүргізілетін тиімді жұмыс түрлері» тақырыбында семинар-практикум өтті

«Қабілеті төмен оқушылармен жүргізілетін тиімді жұмыс түрлері» тақырыбында семинар-практикум өтті

2022 жылдың 26 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде» жаратылыстану пәндері бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қабілеті төмен оқушылармен жүргізілетін тиімді жұмыс түрлері» тақырыбында, оқушылардың қазіргі қоғам талабына сай білім мен дағдыны жүйелеу, оқушының жеке интеллектуалдық қасиеттерін жетілдіру, өз бетінше шешім қабылдауға, зерттей білуге үйрету мақсатында семинар-практикум өтті. Семинарда №20 орта мектебінің химия, биология, география пәндерінің мұғалімдері (Боранбаева Ж.К, Абзелеева К.А, Муханова А.С.) өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қатысқан қала мектептерінің ұстаздары талқыланған мәселелерді жоғары бағалап, ой-пікірлерін айтты. Сондай-ақ семинар барысында тренинг өткізіліп, қызықты әдіс-тәсілдермен қорытындыланды.