Ауған алауы жадымызда

Ауған алауы жадымызда

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ-да 28.01.2022ж қашықтықтан ZOOM платформасында 8 «А» сынып оқушыларымен Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы- Фролов Олег Геннадьевич, Ауған соғысы ардагері - Долгов Александр Владимировичпен кездесу өтті. Оралмаған жауынгерлерімізді еске алып 1 мин.үнсіздік жарияланып, «Ауған соғысы» туралы бейнебаяннан үзінді көрсетілді. Кездесу барысында ардагерлер мектебіміздің түлегі, Ауған соғысына қатысқан жауынгер - Олег Друженьковты еске алып, соғыстың басталуы оның барасы туралы баяндады. Оқушылар Олег Друженьковтың өмір баянымен және оның балалық шағы туралы айтқан естеліктерін тыңдады. Оқушылар ардагерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу арқылы жас ұрпақтың бойында өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгерлердің ерлігін үлгі ету насихатталды.