Қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындық

Қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындық

2022 жылғы 26 қаңтарда Өскемен қаласының білім бөлімінде ZOOM платформасында директордың орынбасарларымен кеңес өткізілді. Күн тәртібінде 2021 - 2022 оқу жылының 2 тоқсанындағы қала бойынша білім сапасының қорытындылары және 11- сынып түлектерінің сынақ тестілеу нәтижелері қаралды.

Семинардың мақсаты - жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында білім беру үдерісі нәтижелерінің тиімділігін арттыру. Мектеп басшыларының түлектерді қорытынды аттестаттауға және ҰБТ - ға дайындау бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасуы.

Кеңеске Өскемен қаласы мектептерінің 50-ден астам директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қатысты. Қалалық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі А.З.Нурпеисова ағымдағы оқу жылының бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша 3 жыл ішіндегі сынама тестілеу нәтижелерімен салыстыра отырып, бітіруші сыныптардағы білім сапасына толық талдау жасады.

№ 6 (В.А.Тикенева), № 7 (А.К.Жумагулова), № 20 (С.М.Имашбаев), № 49 (Г.К.Сакалова) мектептердің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары 11- сынып түлектерін қорытынды аттестаттауға және ҰБТ - ға дайындау барысы туралы айтып берді.

Кеңес қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді. Семинарлардың электрондық материалдары қала мектептері директор орынбасарларының чатына жолданды.

Семинарға қатысушылар қаралатын мәселелердің өзектілігі мен маңыздылығын, спикерлердің мазмұнды баяндамасын атап өтті.