
2 маусымда ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойыншабілім бөлімінің «Жас техниктер станциясы» КМҚК базасында алдағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Жұмбақ әлем» квест ойыны өтті.
Мектеп лагерьлерінің балалары жас туристер мен геологиялық зерттеушілердің өмірін бастан кешіріп, шынайы шытырман оқиғаға аттанды. Оларға ептілік пен төзімділік сынақтарынан, тапқырлық пен логиканы тексеретін тапсырмалардан және назар аудару мен командалық жұмысты қажет ететін кезеңдерді қамтитын бағдарлама ұсынылды.
Шығыс Қазақстанның табиғатына арналған бөлім ерекше қызықты болды. Қатысушылар туған өлкелері туралы таңғажайып деректермен танысып, аймақтың табиғи ландшафттарынан шабыттанып, малтатас суреттерін жасап, шығармашылықпен айналысты.
Әрбір сынақ жаңа білімге, ең бастысы, команда болып жұмыс істеуге, бір-бірімізді қолдауға және ортақ мақсатқа қарай ұмтылуға қадам болды. Ойын атмосферасы қуанышқа, жаңалық ашуға және шынайы саяхат рухына толы болды.
Квест ойыны балаларға көп эмоциялар, жарқын әсерлерді сыйлады және жаңалық пен шытырман оқиғаларға толы жазғы демалыстың тамаша бастамасы болды.