Алгебра пәнінен қорытынды емтихан

Алгебра пәнінен қорытынды емтихан

2026 жылғы 29 мамырда Өскемен қаласының мектептерінде 9-сынып оқушылары үшін алгебра пәнінен қорытынды емтихан өткізілді.
2025–2026 оқу жылында 9-сыныпты 3911 оқушы аяқтайды. Оның ішінде 406 оқушы ерекше үлгідегі аттестатқа үміткер.
Емтихан барлық білім беру ұйымдарында бекітілген талаптар мен ережелерге сәйкес ұйымдастырылды. Оқушыларға қолайлы жағдай жасалып, академиялық адалдық қағидаттарының сақталуына ерекше назар аударылды.
1752 түлек колледждерде оқуын жалғастыруды жоспарлап отыр, бұл жалпы түлектер санының 44,8%-ын құрайды.
Түлектерімізге сәттілік, жоғары нәтиже және болашақта дұрыс таңдау тілейміз!