
2026 жылғы 6 қаңтарда «М.Шаяхметов атындағы №23 орта мектеп» базасында
«Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларда әмбебап оқу әрекеттері мен soft skills (икемді дағдыларды) қалыптастыру» тақырыбында коучингтік іс-шара өтті.
Іс-шара ШҚО білім басқармасының «Orken» білім беруді ақпараттандыру және дамыту жөніндегі өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі және қала мектептерімен бірлесіп өткізілді.
Кездесудің негізгі мақсаты — инклюзивті білім беру ортасын ұйымдастыру мәселелері бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал ету, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларда әмбебап оқу әрекеттері мен икемді дағдыларды (soft skills) қалыптастырудың тиімді тәжірибелерімен алмасу.
Іс-шара аясында қала және облыс мектептерінің мұғалім-логопедтері, дефектологтері, педагог-психологтері қатысты.
Мақсаты: инклюзивті білім беру кеңістігі жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларда оқу әрекеттерін қалыптастыруға, икемді дағдыларды (soft skills) дамытуға бағытталған тиімді әдістер мен тәсілдерді педагогтердің терең түсінуі мен практикалық тұрғыда меңгеруіне қажетті жағдайларды қамтамасыз ету.
Коучингтік іс-шараның тақырыбы инклюзивті білім беруге қойылатын заманауи талаптарды айқындайтын өзекті әрі маңызды болып табылады. Ұсынылған тиімді тәжірибелер, әдістер мен тәсілдер ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс барысында педагогтердің кәсіби құралдарын кеңейтіп, қолжетімді әрі қолдаушы білім беру ортасын құруға қажетті құзыреттіліктерін дамытуда маңызды рөл атқарады.