
29 желтоқсанда Оқушылар шығармашылығы сарайында жыл сайынғы «Қысқы жұлдыздардың құпиясы: New Year Celebrities» қалалық Жаңа жылдық көшбасшылар балы өтті.
Бұл маңызды оқиға қаланың ең үздік орта мектеп оқушыларын басын қосып, олар викториандық дәуіріндегі нағыз бал атмосферасына кенелді.
Қатысушы жұптар стильдерін, сымбаттылықтары мен харизмаларын көрсете отырып, тақырыптан шабыттанды.
Бірнеше шығармашылық тапсырмаларды орындау қорытындысы бойынша бала ханзадасы мен ханшайымы анықталды, осы жолы алған атақты алғаш рет екі жұп бөлісті: №36 мектептен Карелов Артем мен Санярбекова Анель, сондай-ақ №24 мектептен Әшімов Асаналі мен Сафина Амина. Оқушылар шығармашылығы сарайы тағы да Жаңа жыл қарсаңында қаланың жоғары сынып оқушылары үшін нағыз сиқырлы мереке сыйлады.