Қала әкімінің жаңа жылдық шыршасы

Қала әкімінің жаңа жылдық шыршасы

26.12.2025ж әлеуметтік осал санаттағы балаларға арналған қала әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті. Мерекеге барлығы 300 бала қатысты.
Балалар үшін ерекше көңілді бағдарлама ұйымдастырылып, ертегі кейіпкерлері мен аяз ата балаларға қуаныш пен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Мерекенің басты сыйы – қала әкімі атынан табысталған «Спортмастер» дүкеніне 50 000 теңгелік сертификаттар мен тәтті сыйлықтар болды.
Осындай игі шаралар балаларға қуаныш, жылулық және жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайды!