«Білім беру ұйымдарының ішкі істер органдарының бекітілген зейнеткерлерімен өзара іс-қимылы» тақырыбында қалалық семинар

«Білім беру ұйымдарының ішкі істер органдарының бекітілген зейнеткерлерімен өзара іс-қимылы» тақырыбында қалалық семинар

2025 жылғы 17 желтоқсанда Өскемен қаласы білім бөлімінің «№19 мектеп – қосымша білім беру орталығында» «Білім беру ұйымдарының ішкі істер органдарының бекітілген зейнеткерлерімен өзара іс-қимылы» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Іс-шараға қала мектептеріндегі құқықбұзушылықтың алдын алу жұмысына жауапты директордың орынбасарлары қатысты. Семинардың мақсаты – білім беру ұйымдарында құқықбұзушылықтың алдын алу және тәрбиелік жұмысты жетілдіру мақсатында ішкі істер органдарының ардагерлерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру және тәжірибе алмасу болды.

Семинар барысында Педагог-психолог Жомартова Алтын Советқызы «Сындарлы қарым-қатынас толқынындағы оң көзқарас» тақырыбында баяндама жасады.

Сайлауханов Серікболсын Ернарұлы мен Қонақбаева Айым Нұрланқызы кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алудың құқықтық негіздері туралы айтты.

Рүстембекова Тоғжан Қанатқызы мен Капатаева Меруерт Ерболатқызы мектеп пен ардагерлердің, сондай-ақ мектеп пен отбасының өзара әрекеттесу тәжірибесін ұсынды.

Интерактивті бөлімде Темірбаева Райгүл Шәріпқызы мен Наркулова Айым Асхатқызы «Өзара әрекеттестік маршруты» жұмыс тәсілін өткізді.

Семинар қатысушылары тәжірибе алмасып, оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру және тәрбие жұмысын жетілдіру бағытында жаңа идеялармен бөлісті.