
2025 жылғы 3 желтоқсанда курстан кейінгі сүйемелдеу және 2025-2026 жылдарға арналған нұсқаулық-әдістемелік хаттың ұсынымдарын іске асыру шеңберінде Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі "Цифрлық форматтағы жанданған тарих. Тарих сабақтарында және тәрбиелік іс-шараларда жасанды интеллектті қолдану" атты семинар өтті.
Семинар аясында "Адал азамат" бағдарламасын іске асыру аясында тарих сабақтарында және тәрбие бағытындағы сыныптан тыс іс-шараларда АИ қолдану мәселелері қаралды. Спикерлер қатарында педагогтер алдында "Фотокласс" ЖШС өңірлік өкілі Ержан Тоқтарқанұлы Құлитаев "Цифрлық форматтағы жанданған тарих" жобасымен сөз сөйледі.
Семинарға қаланың 100-ге жуық педагогі қатысты.