
2025 жылдың 26 қарашасында ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№37 көпбейінді орта мектебі» КММ-де «Инклюзивті мектеп: тең мүмкіндіктер кеңістігі» тақырыбында жас маман педагог-психологтерге арналған оқыту семинар-практикумы өтті.
Іс-шараның мақсаты – педагог-психологтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, сондай-ақ жалпы білім беретін мектеп жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕББҚ) бар оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдауды жетілдіру.
Директордың эксперименттік жұмыс және мамандандық таңдау жөніндегі орынбасары Ориненко Наталья Александровна қатысушыларға құттықтау сөз жолдап, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуге сезімтал және жүйелі көзқарастың маңыздылығын атап өтті.
Қалалық білім бөлімінің әдіскері Нугымарова Айша Дәулетқанқызы мектептерде инклюзивтік тәжірибені дамытудың өзекті бағыттарына тоқталып, оқу үдерісіндегі педагог-психологтың жұмысының маңыздылығы туралы айтты.
«Бірлік» шығармашылық тобының мүшелері ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдаудағы педагог-психологтардың жұмысының ерекшеліктерін ашатын, тәжірибеге бағдарланған материалдарды ұсынды.
Негізгі орта мектеп-интернатының педагог- психологі Чечулина Алена Степановна ЕББҚ бар оқушылармен жұмыс істеуге арналған практикалық құралдарды қамтитын «Инклюзивті тәжірибедегі психологиялық-педагогикалық қолдау: Барлығына арналған мектеп» атты өзінің әдістемелік ұсыныстарымен таныстырды.
№5 орта мектебінің педагог-психологі Аканова Фахрие Бауыржанқызы және №23 орта мектебінің педагог-психологі Акия-Жукубаева Эльмира Төлегенқызы «Инклюзивті тәжірибедегі арт-терапия: мүмкіндіктер, тәсілдер, нәтижелер» жалпы тақырыпты ашатын, инклюзивті оқытуда, өздері тәжірибеде қолданатың арт-терапия тәсілдерімен бөлісті.
№37 көпбейінді орта мектебінің педагог-психологтары- Зейнолдина Амина Даулетовна мен Максакова Анастасия Сергеевна деструктивті мінез-құлыққа бейім балалармен коррекциялық жұмыста ABA-терапия әдістерін қолданудың тиімді тәжірибелерін ұсынды.
Одан әрі, №7 мектептің педагог-психологтары Маслюк Светлана Анатольевна және Зиновьева Светлана Александровна аутизм спектрі бұзылыстары бар оқушыларға арналған сенсорлық интеграция әдістеріне негізделген «Менің әлемім» атты авторлық коррекциялық-дамыту бағдарламасын таныстырды.
Семинар қорытындысын №42 мектептің педагог-психологтары Зарылқанова Айнура Қайрқанқызы мен Кемельбаева Назгүл Лунашаровна рефлексия жүргізу арқылы шығарды. Қатысушылардың пікірлері іс-шараның ақпараттылығы мен практикалық маңыздылығын жоғары деңгейде растады.