«Суицидтік қауіптің ерте диагностикасы: алаңдататын белгілер. Поственциялық іс-шараларды ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинары

«Суицидтік қауіптің ерте диагностикасы: алаңдататын белгілер. Поственциялық іс-шараларды ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинары

«Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ ұйымдастыруымен,  Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 29 қосымша білім беру мектебі »КММ базасында қала мектептерінің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі директор орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар мен педагог-психологтарға арналған «Суицидтік қауіптің ерте диагностикасы: алаңдататын белгілер. Поственциялық іс-шараларды ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинары өтті. 

Оқу процесі ШҚО Білім басқармасына қарасты Аймақтық психологиялық-педагогикалық қолдау орталығы мамандары ұсынған материалдар негізінде жүргізілді. 

Семинардың мақсаты – білім беру ұйымдарындағы педагогтердің суицидтік қауіптердің алдын алу, ерте диагностика жүргізу, сонымен қатар оқушылармен жүргізілетін тәрбие-профилактикалық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру бойынша кәсіби құзыреттіліктерін арттыру. 

Семинар барысында ұсынылған презентациялық материалдар мен практикалық ұсынымдар педагогтар тарапынан оқушылармен тиімді өзара әрекет орнату, кешенді тәрбие және профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыру барысында кеңінен қолданылатын болады.