
Қала мектептерінің педагог-психологтарына арналған «Оқудағы табыс пен кәсіби өзін-өзі анықтаудың негізі ретінде тиімді тайм-менеджмент дағдыларын қалыптастыру. Өмірлік және кәсіби болашақты жоспарлау»
Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 19.қараша.2025ж НұрОрда мектеп-лицейінде қала мектептерінің педагог-психологтарына арналған «Оқудағы табыс пен кәсіби өзін-өзі анықтаудың негізі ретінде тиімді тайм-менеджмент дағдыларын қалыптастыру. Өмірлік және кәсіби болашақты жоспарлау» тақырыбында консультациялық-тәжірибелік семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: оқушылардың оқу процесінде және өмірлік-кәсіби жолды жоспарлауда тиімді тайм-менеджмент дағдыларын қалыптастыру арқылы өмірлік және кәсіби мақсаттарды жоспарлауға үйрету, педагог-психологтар арасында тәжірибе алмасу.
Семинар барысында НұрОрда мектеп-лицейінің педагог-психологтары Апсалямова С.Е., Шырбанов Б.А. және №45 орта бейіндік мектебінің педагог-психологтары Ахметова Б.Е., Даутова З.Т. өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Педагог-психологтар өз іс-тәжірибесінде оқушылармен кәсіби бағдар бойынша қолданылған әдіс-тәсілдер, техникалар, жаттығулармен бөлісті. «MBTI (Myers–Briggs Type Indicator)» тұлғалық типтер тесті, «Помодоро» әдісі, «Эйзенхауэр матрицасы» әдісі, «Мақсат баспалдағы» жаттығуы, «SWOT» талдау әдісі, «Өмір картасы» жаттығуы, «Мамандықтар әлемі» (сахналық ойын) және т.б. интерактивті тапсырмалар көрсетілді.
Қатысушылар тарапынан семинар жоғары бағаланып, ұсынылған материалдарды өз іс-тәжірибесінде тиімді қолдануға болатынын жеткізді. ШҚО білім басқармасы «Өскемен қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әдіскері Нугумарова А.Д. аталған кәсіби бағдар беру жұмысының қазіргі қоғам жағдайындағы маңыздылығын атап өтіп, бұл жұмыстың сапалы білім алу, өзін-өзі анықтау, уақытты дұрыс жоспарлау және жеке даму траекториясын қалыптастыру мақсатында жүргізілгенін қорытындылады.