«Scaffold карталарын қолдану арқылы тиімді оқыту: әдістемелік тәсілдер мен әдістер» тақырыбында семинар

«Scaffold карталарын қолдану арқылы тиімді оқыту: әдістемелік тәсілдер мен әдістер» тақырыбында семинар

12 қараша күні №47 жалпы білім беретін мектеп базасында «Scaffold карталарын қолдану арқылы тиімді оқыту: әдістемелік тәсілдер мен әдістер» тақырыбында семинар өтті.
Мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқытуда Scaffold технологиясын және визуалды карталарды тиімді пайдалану жолдарын көрсету.
Семинарға мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Модераторлар: қалалық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Капчикова Н.Т., №47 мектеп директоры Мухтарханова Р.А., №27 мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Ксембаева А.Ж.
Семинар барысында педагогтер тиімді оқыту әдістерін талқылап, тәжірибе алмасты.