Қалалық білім бөлімі кеңесі

Қалалық білім бөлімі кеңесі

2025 жылғы 7 қарашада №19 орта мектеп базасында қалалық білім бөлімі кеңесі өтті. Күн тәртібінде білім сапасын арттыруға бағытталған өзекті мәселелер қарастырылды.
Білім бөлімінің қалалық әдістемелік кабинеті әдіскері Шакерова Д.Л. «Бастауыш буынның негізгі пәндері бойынша білім сапасын арттыру мақсатында мектепішілік бақылау әлеуетін пайдалану» тақырыбында (№6, 8, 11, 30, 35 мектептер) баяндама жасады. Әдіскер Анжанова М.К. «Қалалық мектептерде жаратылыстану бағытындағы пәндерді (химия, биология, география) оқыту сапасы» тақырыбында (№2, 9, 20, 42, 47 мектептер) сөз сөйледі.
Электрондық «Kүнделік» журналының толтырылу мониторингімен қалалық әдістемелік кабинет меңгерушісі Капчикова Н.Т. таныстырды.
Кеңестің модераторы, білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Арғынғазин Д.С. кеңес шешімімен таныстырып, қалалық білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерге тоқталды.