Тіл пәндеріне жетекшілік ететін оқу ісі жөніндегі директор орынбасарларына арналған әдістемелік кеңес

Тіл пәндеріне жетекшілік ететін оқу ісі жөніндегі директор орынбасарларына арналған әдістемелік кеңес

№50 орта мектеп базасында тіл пәндеріне жетекшілік ететін оқу ісі жөніндегі директор орынбасарларына арналған әдістемелік кеңес өтті.
Күн тәртібінде әдістемелік жұмысты жетілдіру және тілдерді оқыту сапасын арттыру бойынша өзекті мәселелер қарастырылды.
«Тіл пәндері бойынша білім сапасын арттырудағы әдістемелік жұмыстың рөлі» тақырыбында (№1, 4, 7, 22, 46 мектептер – орыс және ағылшын тілі, №24, 33, 44, 45, 34 мектептер – қазақ тілі) қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті әдіскерлері Қабидолдина А.Т. мен Дашенова А.Б. баяндамалар жасады.
«Тіл пәндері бойынша оқушылардың білім сапасын арттырудың заманауи әдістемелік тәсілдері» атты практикум барысында №10, 48, 16, 44 мектептерінің жұмыс тәжірибесі ұсынылды.
Өздерінің тиімді тәжірибелерімен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Фоминых Л.А., Мусахаева Ж.М., Құсанова Б.Қ., Қуралханова С.Н. бөлісті.
Кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға тіл пәні мұғалімдерінің жұмысын жетілдіруге бағытталған әдістемелік ұсынымдар берілді.