
5 караша 2025 жылы тарих пәнінің мұғалімдері үшін «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындаудың өзекті мәселелері мен шешу жолдары» атты семинар практикум өтті.
Семинар Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 11 мектеп-лицейі» КММ-де өтті.
Семинардың теориялық бөліміне Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ педагогі К. Бақытжанұлы Қазақстан тарихы мәселелерді шешу бойынша сабақ өткізді. «Лев Гумилев атындағы № 38 гимназиясы» Миханцева Е.Н. тарих сабағында хронологиялық кестемен жұмыс жасау бойынша тренинг өткізді.
Семинардың практикалық бөлімінде жобалау және зерттеу қызметі арқылы оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің сапасын арттыруға қатысты шеберлік сабақтары өткізілді.
Семинар жұмысына 40 педагог қатысты.