Облыстық консультативтік-практикалық семинар

Облыстық консультативтік-практикалық семинар

«Педагог-психологтың педагогтармен және сынып жетекшілерімен

қауіпсіз және қолдаушы білім беру ортасын құрудағы

ресурс ретінде тиімді ынтымақтастығы».

2025 жылғы 3 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№30 жалпы білім беретін мектеп» базасында ,ШҚО ББ Психологиялық қолдау мен көмек көрсету өңірлік орталығы мен Өскемен қаласы білім бөлімінің ҚӘК ұйымдастыруымен облыстық консультативтік-практикалық семинар өтті.

Кездесу тақырыбы – «Педагог-психологтың педагогтармен және сынып жетекшілерімен қауіпсіз және қолдаушы білім беру ортасын құрудағы ресурс ретінде тиімді ынтымақтастығы».

Семинар жұмысына ШҚО Білім басқармасының «Психологиялық қолдау мен көмек көрсету өңірлік орталығы» КММ орталығының директоры Куземко Л.П., Өскемен қаласы ББ ҚӘК әдіскері Нугумарова А.Д., қала және облыс мектептерінің педагог-психологтары қатысты.

Семинардың практикалық бөлімінде №30 ЖББМ педагог-психологтары Махмудова Г.В., Розенберг О.Г., №7 мектептің педагог-психологтары Зиновьева С.А., Маслюк С.А. мұғалімдер мен сынып жетекшілерімен бірлескен жұмыстың тиімді формаларымен бөлісті.

Қатысушылар тәжірибеге бағытталған мұндай семинарлардың маңыздылығын атап өтіп, туындайтын мәселелерді тиімді шешу тек білім беру процесінің барлық қатысушылары — педагогтар, әкімшілік, ата-аналар арасында тығыз өзара әрекеттесу арқылы мүмкін екенін жеткізді.

Қауіпсіз және қолдаушы білім беру ортасын құру ең алдымен мұғалімнің өзінен басталатыны атап өтілді — оның сезімталдығы, зейінділігі, шыдамдылығы, әр баланы тыңдай және түсіне білу қабілеті, сондай-ақ дер кезінде қолдау көрсетуге дайын болуы маңызды рөл атқарады.