
22 қазанда Оқушылар шығармашылығы сарайының негізінде Қазақстан Республикасы күні мерекесіне арналған жыл сайынғы қалалық балалар «Рамп шамдары» театр ұжымдарының фестиваль-байқауы өтті. Дәстүрлі түрде Өскемен қаласы білім бөлімінің бастауымен театр бағытындағы ең үздік балалар бірлестіктері өздерінің миниатюраларын, кіші-спектакльдерін, сахналық көріністерін қойып, өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Кәсіби қазылар алқасының алдында әр номинация бойынша үздік қойылымдарды анықтау қиын болды.
Бұл фестиваль-байқауы балалар мен жастар арасындағы театр өнерінің дамуына ықпал етіп, олардың шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Драма және комедия, қошеметтер мен толқулар, бұл фестивальде бәрі болды!