
«ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №21 «Айналайын» балабақша-бөбекжайы КМҚК базасында мектепке дейінгі ұйымдар мен шағын орталықтардың педагог-психологтарына арналған «Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде педагог-психологтың кәсіби қызметін реттейтін және бағыттайтын құжаттар мен әдістемелік материалдар» атты тақырыпта құқықтық-нормативтік, жоспарлау, есепке алу және есеп беру құжаттарын жүргізуде және толтыруда педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында оқыту семинары өткізілді.
Тәжірибелі педагог-психологтар Гейгер Е.П. және Мухаметкалиева Ш.Б. білім саласындағы негізгі нормативтік-құқықтық актілерге мазмұнды презентациялық таныстыру өткізді. Семинар барысында олар кәсіби құжаттаманы жүргізудің нысандары мен тәртібін анық және нақты түсіндіріп, педагог-психологтардың жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған практикалық ұсыныстар мен әдістемелік материалдармен таныстырды. Оқыту семинарына қатысушыларға тәрбиеленушілерге жоғары сапалы қолдау көрсету үшін күнделікті іс-әрекетте қолдануға болатын әзірлемелер ұсынылды.