
8 қазан күні Ыбырай Алтынсарин атындағы №39 орта мектеп базасында қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес жас педагогтарға арналған семинар өтті.
Іс-шараға еңбек өтілі үш жылға дейінгі 62 жас мұғалім мен олардың тәлімгерлері қатысты. Семинар барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, кәсіби қалыптасудың өзекті мәселелерін және педагогикалық шеберлікті жетілдіру жолдарын талқылады.
Мұндай кездесулер жас мамандардың дамуына, тәлімгерлік институтын нығайтуға және қаламыздағы білім беру үдерісінің сапасын арттыруға ықпал етеді.