«Суицидтің алдын алу» дүниежүзілік күні аясында «Позитивті әлем» акциясы

«Суицидтің алдын алу»  дүниежүзілік күні аясында «Позитивті әлем» акциясы

Білім бөлімі бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес, Өскемен қаласы мектептерінде Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күніне орай үш күндік «Позитивті әлем» қалалық акциясы өтті. Акцияның мақсаты – балалар мен жасөспірімдерге өмірге құндылықпен қарау көзқарасын қалыптастыру, позитивті ойлау дағдыларын дамыту және қазіргі қоғамдағы деструктивті үрдістерден алыстату. 

Акция аясында оқушылардың әлеуметтік әл-ауқатын нығайтуға бағытталған тақырыптық сынып сағаттары, интерактивті сабақтар, шығармашылық байқаулар мен флешмобтар ұйымдастырылды. 

Позитивті көңіл күй – оқу жылының басында бейімделу кезеңінде оқушыларды қолдаудың маңызды ресурсы болып табылады. Акция аясында оқушылар үшін жағымды эмоционалды атмосфера құруға бағытталған түрлі шаралар өткізілді. Олардың қатарында «Мен үшін өмір…», «Құпияммен бөлісемін…» атты онлайн интерактивті сұхбаттар болды, бұл оқушыларға өз ойлары мен сезімдерін ашық білдіруге мүмкіндік берді.

«Менің көңіл-күйім» және «Өмір ырғағында» атауымен белсенді де көңілді үзілістер, «Тіршілік бояулары» атты квест-ойындар, «Позитивте» флешмобтары, сондай-ақ шығармашылық шаралар: «Біздің мұғалімнің күлкісін тап» атты фото-челлендждер, «Объективтегі позитив» фотобайқаулары және басқа да іс-шаралар өткізілді.

Мұндай іс-шаралар мектеп ортасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға, оқушылардың ішкі мүмкіндіктерін ашуға және қоршаған әлемге деген жағымды көзқарас қалыптастыруға септігін тигізді.