«Жас өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жасағы» атты жарыс

«Жас өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жасағы» атты жарыс

20.05.2025 ж. Өскемен қаласында «Жас өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жасағы» атты жарысы өтті. Іс-шара, ШҚО ТЖД спорттық манежі базасында, қалалық мектептердің 10 командасы және «Жас құтқарушы» орталығының командалары қатысып, төтенше жағдайларды имитациялайтын қарапайым кезеңдерде жеңіске жету үшін күресті. Жарысқа барлығы 100-ге жуық бала қатысты.
Жарыс бағдарламасы бірнеше жарыстардан тұрды:
«Өрт эстафетасын» еңсеруде ұлдар мен қыздар өрт сөндірушілер рөлінде өздерін сынап көрді. Нағыз өрт сөндірушілер сияқты-бумды еңсеріп, жәбірленушіні алып жүру, өрт сөндіру машинасынан шартты өртті судың күшті қысымымен сөндіру, уақытқа жауынгерлік киім киюмен жарысты.
«Өрт қолөнері» ең ерекше және шығармашылық байқау. Қазылар алқасының назарына ұсынылған: пластилиннен, картоннан және басқа материалдардан жасалған оқушылардың жұмыстары, жарыс қонақтарының көңілінен шықты.
«Визит карточкасында» командалар құтқарушылар қатарында қызмет ету, тұрмыста және орман аймағында өрт қауіпсіздігінің алдын алу туралы өз көзқарастарын айтты.
«Алғашқы медициналық көмек көрсету» байқауы балалардың қайсысы медицина теориясында ғана емес, практикада да мықты екенін көрсетті. Арнайы манекенде жас құтқарушылар мен өрт сөндірушілер алғашқы көмек көрсету әдістерін пысықтады.
Қиын күрестің нәтижесінде жеңімпаздар былайша бөлінді: бірінші орынды №29 мектеп командасы, екінші орынды №36 мектеп оқушылары, үшінші орынды №19 мектептің жас құтқарушылары иеленді.
«Визит карточкасы» номинациясында №7 мектеп, «Өрт қолөнері» байқауында №37 «Өрт эстафетасы» мектебі - №19 мектеп оқушылары жеңіске жетті.
Жарыстың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері құрмет грамоталарымен және сыйлықтармен марапатталды.
Оқушылар бұл жарыста төтенше жағдайлар кезінде сәтті әрекет ету үшін, қажетті білім мен дағдыларды игерді.