Өскемен қаласында 0 жастан 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 4573 бала бар, оның ішінде 982 мектеп жасына дейінгі бала, 3591 мектеп жасындағы бала. Қалада ерекше білім беру қажеттіліктері бар 2950 бала оқумен қамтылған, ол 64,5%-ды құрайды.
Қаланың 44 мектебіндегі 1708 бала инклюзивті білім берумен қамтылған, оның ішінде 724 оқушы 1-ден 9-сыныпқа дейінгі 13 жалпы білім беретін мектептерде ашылған ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған 90 арнайы сыныптарда білім алады (№ 5, 8, 9, 15, 18. 19, 22, 26, 27, 32, 37, 42, мектеп-интернат). Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 9 сынып 45 балаға артқаны байқалады. Оның,
2 сыныпта көру қабілеті бұзылған-11 бала;
6 сыныпда есту қабілеті бұзылған-23 бала;
қалада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған балаларды оңалту орталығы жұмыс істейді, орталық тәрбиеленушілері № 19 орта мектепте - түзету-дамытушылық оқытудың 2-сыныптарында – 13 оқушы оқиды. Осы санаттағы балалармен жеке түзету жұмыстары үшін кабинет, ЕДШ (емдік дене шынықтыру) кабинеті ашылды. Жөндеу жұмыстары жүргізілді: косметикалық, жылыту жүйесі, терезелер (екі қабатты терезелер) ауыстырылды, барлық талаптар орындалды.
80 сыныпта психикалық даму тежелісі бар 677 бала білім алуда.
Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін құру мақсатында «№ 42 орта мектеп» КММ-да психикалық дамуы тежелген, негізінен «Үміт» балалар үйінің балаларына арналған 9 арнайы сынып ашылды, онда 79 бала оқиды.
Балалар орыс және қазақ тілдерінде оқиды
Арнайы сыныптары бар барлық мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көмектесу үшін психологиялық-педагогикалық консилиумдар құрылды.
Сонымен қатар қалада 2 арнайы мектеп балабақша жұмыс істейді:
«Нашар көретін балаларға арналған №14 мектеп-балабақша» КММ 139 бала қамтумен, оның ішінде мектеп жасындағы бала саны 67;
«АСБ бар балаларға арналған "Страна чудес» арнайы мектеп – балабақшасы» ЖШС 150 бала қамтумен, оның ішінде мектеп жасындағы бала саны 78;
Баланы дамыту проблемаларын шешуге кешенді, пәнаралық көзқарасты іске асыру және оны оқыту мен бейімдеудің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында 19 мектепте инклюзивті білім беруді одан әрі дамыту үшін инклюзияны қолдау кабинеттері мен ресурстық орталықтар ашылды.
«Дара» қоры қаланың № 8, 19, 23 мектептерінде қажетті интерактивті және тифлотехникалық жабдықтармен, оқу әдебиеттерімен, жиһаздармен, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауға арналған Монтессори заттарымен, саз терапиясы бойынша қосымша сабақтар өткізу үшін керамикалық шеңбермен қамтамасыз етті.
Оның ішінде бүгінгі күні аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған 5 инклюзивті қолдау кабинеті (№ 15, 17, 26, 36, 39) жұмыс істеуде. Биылғы оқу жылында «Қазмырыш» ЖШС қолдауымен Өскемен қаласының №36 орта мектебінде инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Аталған 5 мектептегі инклюзивті қолдау кабинеттерінде 62 бала білім алуда.
Бұл мектептерде инклюзивті білім беруді дамыту, ерекше балаларды оқыту сапасын қолдау және даму ерекшеліктері бар балалармен жұмыс істеуде мамандарға көмек көрсетуді ұйымдастыру мақсатында «Болашақ» қорының әдістемелік сүйемелдеуі жүзеге асырылуда.
Кабинеттердің жұмысы балалардың әлеуметтенуіне, әр оқушы үшін жеке даму бағдарламасын әзірлеу және сыныптастарымен және мұғалімдерімен өзара әрекеттесу арқылы мектеп бағдарламасын игеруге ықпал етеді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды табысты оқыту үшін инклюзивті білім беруді ұйымдастыруда кадрларды даярлау және іріктеу маңызды рөл атқарады. Қаланың барлық мектептерінде инклюзивті білім беру бойынша біліктілікті арттыру курстарынан барлығы 433 мұғалім өтті.
Жалпы білім беретін мектептерде барлығы 128 арнайы педагог жұмыс істейді: психологтар - 68, логопедтер-34, дефектологтар-26.
Кедергісіз ортамен жабдықталған қаладағы мектептердің саны келесідей:
Бүгінгі таңда барлық қалалық мектептерде пандустар бар, пандуспен жабдықтау 100% құрайды.
Кіреберістегі, қоршаудағы, есіктердегі тактильді көрсеткіштер 48 мектепте бар;
43 мектепте кең есіктер (кемінде 90 см);
36 мектептерде кіру қоңырауы;
29 мектептегі дәретханалардағы бейімделген кабиналар.
2024 жылы инклюзивті қолдау кабинетін «Жалпы білім беретін №47» КММ және «Негізгі орта мектеп-интернат» КММ-да ашу жоспарлануда.
Бүгінгі таңда аталған кабинеттерге әдістемелік сүйемелдеу үшін «Болашақ» және «Дара» қорларымен тығыз жұмыс жүргізілуде.