
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ ведомстволық бағыныстағы 48 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, асхана барлық мектептерде бар.
47 мектепте асхана жұмыс істейді.
46 мектепте асхана жеке кәсіпкерлерге жалға берілді.
2019 және 2020 жылдары «Мектеп асханасының ас блогын жаңғырту және қызмет көрсету» МЖМС жобасы бойынша жеке әріптесті таңдау бойынша байқау өткізіліп, бұл жоба қаланың 41 мектебінде жүзеге асырылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.01.2008 жылғы № 64 «Аз қамтылған отбасылар қатарындағы әлеуметтік қорғалмаған білім алушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес (оқушылардың жекелеген санаттары, ата - анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балалар, даму мүмкіндіктері шектеулі балалар) тегін тамақ ішеді.
2022 жылдың қыркүйегі мен желтоқсан аралығында жаппай оқыту қаражаты есебінен 5488 оқушы тегін бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
2021-2023 жылдарға арналған оқушыларды сапалы теңгерімді тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасын орындау және іске асыру мақсатында тамақтандыруды ұйымдастыруға арналған екі апталық мәзір жобасы әзірленді.
Жоба енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2022 жылы балаларды тамақтандыруды ұйымдастыруды қаржыландыруды келісу және есептеу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне жіберілетін болады.
2022 жылға 1 - 4 сыныптар аралығында тегін тамақтануға қаражат қарастырылмаған, бірақ шешіліп жатыр.