Туған жылы : 21.08.1958;
Туған жері: ШҚО, Өскемен қаласы;
Отбасылық жағдайы: үйленген;
Білімі, мамандығы: 1985 жылы Өскемен педагогикалық институтын «География және биология пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді.
Екінші жоғары білімі: 2020 жылы, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, мамандығы: жаратылыстану ғылымының бакалавры. 1993 жылы биология ғылымдарының кандидаты ғылыми атағы бекітілді, ал 2014 жылы Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының профессоры атағын алды.4 монография, 150-ден астам ғылыми еңбектері, оның ішінде Скопус, ККСОН бар.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі вице-министрінің мақтау грамоталары, «ШҚМУ-ға 60 жыл» мерейтойлық медалі, Білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтің мақтау грамотасы – 2017 ж. «Қосымша білімге 100 жыл» мерейтойлық медалі – 2018 ж«Балалық шақтың досы» медалі – 2019 ж. «Өскемен қаласының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» төсбелгісі 2021 ж.
-1985-1986жж. – ОЖНС (облыстық жас натуралистер стансасы) ихтиология үйірме бірлестігінің жетекшісі;
-1986-1987жж. – Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері;
-1987-1988жж. – ОЖНС әдіскері;
-1988-1998жж. – ОЖНС (Шығыс Қазақстан «Оқу-зерттеу экобиоорталығы, облыстық жас натуралистер станциясы ШҚ облыстық Оқу-зерттеу экобиоорталығына қайта ұйымдастырылды) директоры болып тағайындалды;
-1998-1999жж. – ШҚ білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының ғылыми орталығының басшысы, жаратылыстану кафедрасының меңгерушісі;
-1999-2001ж. – ШҚ білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары;
2001жылдан қазірге дейін – ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынща білім бөлімінің «ОЗ экобиоорталығы» ҚМКК директоры, С. Аманжолов ат. ШҚМУ «Экология және география» кафедрасы филиалының жетекшісі;