
Мәуітхан Ләззат 1983 жылдың 1 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Жұлдыз ауылында дүниеге келді. 1991-2000 жылдары Жұлдыз орта мектебінде білім алып, 2000 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекетті куниверситетіне оқуға түсті. 2005 жылы «Тарих-география» мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітірді. 2012-2014 жылдары Алматы экономика және статистика академиясында «Қаржы, экономика және бизнес» мамандығы бойынша академиялық бакалавр дәрежесін алды. 2018-2019 жылдары Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды. 2019-2021 жылдары Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінде «Тарих» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.