
Жақабаева Эльмира Халилханқызы 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келген.
Өскемен педагогикалық колледжін, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
Біліктілік санаты: педагог-эксперт
Еңбек жолын 1999 жылы Өскемен қаласындағы «No42 орта мектеп» ММ бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған.
2008-2017 жылдар аралығында ҚМУ No8 орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарды.
2018 жылы «No8 орта мектебі» КММ өзін-өзі тану сағаттарын оқыту құқығымен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылды.
2019 жылы «№ 9 орта мектебі» КММ өзін-өзі тану сағаттарын оқыту құқығымен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне қабылданды.
2022 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы білім бөлімінің «№ 8 орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі болып қабылданды.
2022-2023 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы білім бөлімінің «№ 8 орта мектебі» КММ директорының міндетін атқарды.
2023 жылғы 22 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы білім бөлімінің «№ 8 орта мектебі» КММ директоры болып тағайындалды.