ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫЛЫҚ ОҚУШЫ ҰБТ-ДАН ЕҢ ЖОҒАРЫ 140 ҰПАЙ ЖИНАДЫ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫЛЫҚ ОҚУШЫ ҰБТ-ДАН ЕҢ ЖОҒАРЫ 140 ҰПАЙ ЖИНАДЫ

Ұлттық бірыңғай тесттен 140 балл жинаған Жәнібек Әбілхан - Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның түлегі. Жәнібек 1 сыныптан бастап Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияда білім алып келеді.

Оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуде информатика пәнін таңдаған. Көпбалалы отбасыдан шыққан Жәнібек ізденімпаз, білімді оқушы. Жәнібектің жетістігі - табандылық пен жүйелі дайындықтың нәтижесі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі