
Түлкібас ауданының Пістелі ауылында жазушы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Мархабат Байғұттың 80 жылдығына арналған «Тау-Пістелі тағылымы» жобасының төртінші кезеңі кең көлемде ұйымдастырылды. Халықаралық деңгейде өткен бұл тағылымды шара жазушының туған жеріндегі әдеби рухты жаңғыртып, жастарға өнеге көрсету, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында қолға алынған. Мархабат Байғұттың 80 жылдық мерейтойы Түркістаннан бастау алып, туған жерінде жалғасты. Тағылымды шараға Түлкібас өңірінен шыққан бірқатар зиялы қауым өкілдері де қатысты. Олар жазушының шығармашылығына жоғары баға беріп, естеліктерімен бөлісті.