
Түркістандағы «Ұлы дала елі» орталығында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті. Аталмыш іс-шараға ірі кәсіпорын басшылары, еңбекті қорғау жөніндегі мамандар, еңбек инспекциясының ардагерлері, сондай-ақ, кәсіподақ өкілдері қатысты.