
Бекітілген жоспарға сәйкес, су үнемдеу технологиясын ендіруде Отырар, Сауран, Келес, Түлкібас, Төлеби, Созақ аудандары мен Кентау қаласына осы күннен жұмысты ширату қажеттігі ескертілген. Облыс аумағында каналдар мен қашыртқыларды құжаттандыру бойынша Шардара, Жетісай, Мақтаарал, Бәйдібек аудандарында жұмыс баяу атқарылуда. Коммуналдық меншіктегі су нысандарын құжаттандыру ісін Арыс қаласы, Ордабасы, Сауран, Шардара аудандары әлі күнге аяқтамаған.