
Шараға Өзбекстан, Ресей елдері мен Алматы, Шымкент, Қарағанды, Орал, Түркістан қалаларынан тарих және педагогика ғылымы саласының өкілдері, архив қызметкерлері, жоғары оқу орнының студенттері мектеп оқушылары оффлайн және онлайн форматта қатысты. Конференцияда «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа мұра, тарихқа тағзым» атты архивтік құжаттар көрмесі ұсынылды. Одан бөлек, «Оңтүстік Қазақстан 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты құжаттар жинағының тұсаукесері өтіп, көпшілік қауымға таныстырылды.