
Жетісай аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастар бөлімінің мәліметінше Жетісай ауданында биыл 1158 гектар аумаққа ерте пісетін қырыққабат егіліп, болжам бойынша 50 мың тоннаға жуық өнім алу жоспарлануда. «Зарисма», «Валикор», «Магнус», «Ринда», «Заказ» сынды қырыққабат сорттары егілген алқаптың 893 гектарына су үнемдеу технологиясы енгізілген. Былтыр аудан диқандары 1287 гектар жерге қырыққабат дақылын егіп, гектарынан орта есеппен 30 центнерден өнімін өндірген. Негізінен ерте пісетін қырыққабаттың басым бөлігі Ресей, Белоруссия және Еуропа елдеріне экспортталады.