
Айта кетейік, Түркістан қаласының халық саны соңғы үш жылда 31,5%-ға артып, 2024 жылдың 1 желтоқсанында 236 954 адамды құрады. Облыс орталығы болғалы жалпы өңірлік өнім 4,5 есе өсіп, 2024 жылы 452,6 млрд. теңгеге жетті. Түркістан қаласында мемлекеттік бюджетке түсетін түсімнің көлемі 2,8 есе өсіп, 2024 жылы 80,1 млрд. теңге түсті. Қала дамуының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі соңғы үш жылда 915,7 млрд. теңгені құрады. 2024 жылы 400,2 млрд. теңге инвестиция тартылды.