ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйымдастыруымен 8,9,10 сәуір күндері Түркістан облысының халық тығыз орналасқан Жетісай, Сайрам аудандары мен Түркістан қаласында Солтүстік өңірлерге «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Абай, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Ұлытау облыстарынан келген ірі жұмыс берушілер тұрақты жұмыс орындарын ұсынып, ақпарат береді.
Айта кетейік, өңіраралық іс-шара еліміздің жұмыс күші жетіспейтін Солтүстік өңірлерге халықты қоныстандыруға бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыстар Түркістан облысында 2015 жылдан бері жүргізіліп келеді.