ТҮРКІСТАН: АРЫСТА АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
✔️Арыста көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді. Игі шараға қала әкімі Қайсар Маңқараев қатысып, нәзік жандыларға мемлекеттік наградаларын табыстады. Салтанатты жиында 19 анаға «Күміс алқа», 7 анаға «Алтын алқа» төсбелгілерімен марапатталды.
✔️Қала басшысы өз сөзінде аналардың қоғамдағы рөлі мен олардың ұрпақ тәрбиесіндегі еңбегін ерекше атап өтті.
✔️«Сіздер – еліміздің болашағын қалыптастырып отырған ардақты аналарсыздар. Сіздердің жанкешті еңбектеріңіз бен төзімдеріңізге бас иеміз. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, балаларыңыздың қызығын көре беріңіздер!» деді ол.
✔️Марапатқа қатысқан аналар алғыстарын білдіріп, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларға ризашылықтарын жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі