
Айта кетейік, былтыр Түркістан өңірінде облыстық бюджет есебіне 43 шақырымды құрайтын 11 су нысанына күрделі жөндеу жұмыстары басталды. 1350 шақырым қашыртқыға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 2,9 мың гектар жер сумен қамтамасыз етіліп, 26,9 мың гектар аумақтың мелиоративтік жағдайы жақсарған. 2025 жылға 5,4 млрд. теңге қаржы қаралып, 59 шақырымды құрайтын 12 су нысанына күрделі жөндеу, 21,8 шақырымды құрайтын қашыртқыларға (1 жоба) механикалық тазалау жұмыстары басталды. Осы арқылы 7,7 мың гектар жердің ағын сумен қамтамасыз ету жағдайы жақсарады.