
Аудан әкімі Азат Оралбаевтың өкімімен құрылған жұмысшы топ Ордабасы аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, Бадам және Қараспан ауыл округтерінде кезекті рейдтік іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде жүк көліктерінің жол құжаттары тексеріліп, анықталған заңсыздықтар бойынша хаттамалар толтырылды. Саз топырақ пен құмды қиыршық тас тиеген көліктердің үстін арнайы жабу, артық салмақта шикізат артпау секілді заңсыздықтардың алдын алу шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.