
Флешмоб барысында қатысушылар қазақ халқының ғасырлар бойы сақталып келе жатқан ұлттық киімдерін киіп, сән көрсетілімін ұйымдастырды. Ақжаулықты әжелер мен ақ сақалды аталардан бастап, орта жастағы азаматтар, жастар мен жасөспірімдер өз жас ерекшеліктеріне сай ұлттық киім үлгілерін паш етті. Әжелер кимешек пен сәукеле тағып, ер азаматтар шапан мен бөрік киіп, ал жастар заманға сай ұлттық нақыштағы сәнді киімдерін жұртшылық назарына ұсынды.