
Бүгінде Түркістан қаласы және Ордабасы ауданындағы индустриалды аймақтары айырықша маңызға ие. Сонымен қатар Сауран ауданына қарасты 4 өндірістік паркте 105 өндірістік ғимаратын құру жоспарлануда. Қазіргі таңда 22 өндірістік ғимараттың құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Онда жиһаз өндіру, құрылыс материалдарын шығару, тамақ өндірісі, тігін және тоқыма бұйымдары, пластмасса өнімдерін шығару жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі таңда «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясы» АҚ-мен бірлесіп, аудан, қала әкімдіктерінде 10 өндірістік паркін құру жоспарлануда. Олар Сарыағаштағы Дарбаза ауылында, Ордабасыдағы Бадам, Шұбар ауылдарында және Түлкібас, Төлеби, Сайрам, Келес, Бәйдібек және Шардара аудандарында жүзеге аспақ. Аталған жобаларды қаржылай қолдау бойынша 7-8% пайыздық несиелендіруді көздейтін кешенді бағдарламасына кәсіпкерлер тарапынан сұраныс артып, 60,2 млрд. теңге несие берілді. Несиенің басым бөлігі өңдеу өнеркәсібіне бағытталған.