
Сенбілікке аудан әкімі Азат Оралбаев бастаған бөлім қызметкерлері, қоғамдық жұмысшылар мен ауыл тұрғындары белсене атсалысты. Онда 500 қарағаш, 100 арша көшеті егілді. Одан бөлек, ауданға қарасты ауыл округтерінде 6700 түп қарағаш және 2000 түп жеміс ағашы егілді.