
Бүгінгі күннің өзінде ағаш отырғызу, жасыл-желек аумағын ұлғайту жұмыстарына әкімдікке қарасты бөлімдер мен бюджеттік мекеме қызметкерлері, аудан тұрғындары белсенді қатысып, аудан көлемінде өткен абаттандыру шарасы кезінде 8,5 гектар жер арнайы бағаналармен қоршалып, 5000-нан астам көшет отырғызылды. Олардың басым бөлігі – қараағаш, павилон, терек, туя, арша. Осы көшеттердің әрқайсысы ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға, ауа тазалығын арттыруға және көркейтуді одан әрі жетілдіруге ықпал ететін болады.