
Сондай-ақ осы күні «Таза Қазақстан» бағдарламасын қолдау мақсатында жалпы аудандық сенбілік өтті. Тазалық жұмыстарына аудан тұрғындары бір кісідей атсалысып, республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойында жинақталған бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды, арық-атыздарды тазалап, шөптерді орды. Оған қоса, қураған тал бұтақтары кесіліп, әктеу-сырлау, аудан аумағындағы қоқыс полигондар аумағын реттеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы сенбілікке 5000-ға жуық адам қатысып, 18 тонна қоқыс шығарылып, 4 арнайы техника жұмылдырылды.