
Наурыз мерекесі елімізде тек көктемнің жылы лебімен емес, қайырымдылық пен бірлікке шақыратын игі істермен ерекшеленеді. Бүгінде ауданда жомарт жандар, қайырымдылық күні мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, жақсылық жасауды дәстүрге айналдырып келеді. Қазығұрт ауданында жыл сайын көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік пен басқа да қажетті заттар табысталып, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайту мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді.