ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫЛЫҚТАР ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫЛЫҚТАР ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
✔️Наурызнаманың онкүндік шараларының екінші күні – Қайрымдылық күні аясында аудан әкімі Азат Оралбаев Шымкент қалалық Қарттар үйіне арнайы барып, қарияларды мерекемен құттықтап, еркін пікірлесті. Мұндағы қарттардың жағдайын біліп, амандық-саулығын сұрады.
Әкім қарияларға сый-сияпат жасап, емен-жарқын сұхбат құрды. Орайы келгенде жиірек жолығып, кесімді ойлар мен ұтымды ұсыныстарды тыңдауға қашанда әзір екенін айтты.
✔️Ал осы орталықтың басшысы өзге өңірлерге қарағанда Ордабасы ауданының басшылары қарттарға көбірек көңіл бөліп, келіп тұратынын айтып, жылы лебізін білдірді.
✔️Қарттар өздеріне көрсетілген қамқорлық үшін ризашылықтарын білдіріп, Наурыз мейрамымен құттықтап, баршаға береке мен бірлік тіледі.
✔️Бұл іс-шара аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, қоғамдағы мейірімділік пен ізгілікті насихаттау мақсатында өткізілді.
✔️Айта кетсек, бүгінде аталған орталықта ауданның 7 қарты қызмет алады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі