
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне инвестиция тарту жұмыстарын күшейте түсуді тапсырған болатын. Осы бағытта Бәйдібек ауданының әкімі Ерлан Нұрмаханов ауданда жүзеге асырылатын жаңа мақта өңдеу кешенінің жобасымен танысты. Бұл жоба өңірдің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға және мақта өңдеу индустриясын ілгерілетуге бағытталған.